Қазақстан парламенті ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекітті

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, хаттамада ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге екі нақтылау енгізу қарастырылған.

Атап айтсақ, хаттама "Кедендік одақтың жоғарғы органы" ретінде Мемлекетаралдық кеңестің құзыретін заңдастырады.

Бұған қоса хаттама Қоғамдастық сотына ЕурАзЭҚ аясында туындаған дау-дамайларды реттеу органының функцияларын береді.

Хаттамаға 2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде қол қойылды.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.