Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, "жоба алты жылда екі жобалық аумақта жүзеге асырылады. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы Ертіс нулары мен Қызылорда облысындағы Арал теңізінің кеуіп қалған түбі мен сексеуілді алқаптарында іске асырылмақ".
Жоба аясында орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, орман күзетінің тиімділігін арттыру көзделуде. Жобада сонымен қатар орман өрттерінен, зиянкес жәндіктерден келетін және орманды тиімсіз пайдаланудан келетін шығындарды азайту шаралары қарастырылған. Сонымен бірге сексеуілді ормандарды жайылым ретінде тиімді пайдалану тетіктерін дәйектеу, шөлейттенумен күрес және тұз бен шаң-тозаңның таралуына жол бермеу мақсатында Арал теңізінің кеуіп қалған түбі учаскелеріне мелиорация жүргізу тетіктерін дәйектеу межеленген.
Келісімге Астанада 2006-жылдың 6-қарашасында қол қойылған.
Заң жобасы президенттің қол қоюына жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті