Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің мақсаты Қазақстан мен Польша аумақтары арасында әуе қатынасын орнатуға құқықтық негіз қалауға саяды.
Келісім ережелерне сәйкес, "тараптардың авиекәсіпорындары белгіленген бағыт бойынша шартты желілерді пайдаланған жағдайда бірқатар құқықтарға ие болады". Атап айтсақ, оларға "келісімге қатысушы бір мемлекеттің аумағы арқылы жолай қонбай ұшып өтуге, келісімге қатысушы келесі мемлекеттің аумағына коммерциялық емес мақсатпен қонуға, келісімге қатысушы екінші мемлекеттің аумағында бортқа халықаралық бағытта тасымалданатын жолаушыларды, жүктер мен поштаны қабылдау немесе оларды түсіру мақсатымен келісілген жерлерде қонуға құқылы".
Келісімге 1997 жылдың 27 қарашасында Варшавада қол қойылған.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті