Бұл шешім үшін мәжілістің 53 депутаты мен сенаттың 33 депутаты дауыс берді.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін келісім комиссиясына жіберілді. Келісім комиссиясының төрағасы болып сенат депутаты Ермек Жұмабаев сайланды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасында "сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін басталады" деп көрсетілген. Президенттіктен, сенат, мәжіліс немесе мәслихат депутаттығынан үміткерлерді тіркеу үміткер мен оның жұбайы немесе зайыбы кірісі мен мүлкі туралы декларацияны салық мекемесіне тапсырғаны туралы анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, түзетулер арқылы сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталған сәттен бастап сайлау қорытындысы ресми түрде жарияланғанға дейін партиялық тізімге енген саяси партиялар мен үміткерлердің митинг, шеру, демонстрация немесе басқа да ереуіл түрлерін ұйымдастыруына тыйым салынады.
Өзгерістер аясында сонымен бірге жазасын толық өтемеген немесе заңда көрсетілген тәртіп бойынша сот айыбынан құтылмаған тұлға мен сот арқылы іс-әрекетке қабілетсіз немесе жартылай қабілетті деп танылған тұлғалар сайлау комиссиясының мүшесі болуға тиіс емес" деп көрсетілген.
Түзетулер арқылы сайлаушы тұрғылықты жерін өзгерткен жағдайдағы дауыс беру тәртібі реттеледі. Мәселен, егер сайлаушы сайлаушылар тізімін жалпы халыққа таныстыру мерзімі мен дәл сайлау өтетін күндер аясында тұрғылықты жерін өзгерткен жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және оның жеке басын куәландыратын төлқұжатының негізінде сайлаушыға сайлауға қатысу құқығы туралы куәлікті береді. Осындай куәлікті көрсеткен жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беретін күні сайлаушыны келген жеріндегі сайлау учаскесіндегі тізімге енгізеді.