Қазақстан парламенті сенатының басшысы мен Еуропа кеңесі Парламенттік Ассамблеясының көші-қон, босқындар мен тұрғындар жөніндегі төрағасы ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады

Ақпаратта айтылғандай, кездесу барысында екі жақ кең ауқымды өзара ынтымақтастық жайын талқылады. Тараптар сондай-ақ, 2004 жылы қол жеткізілген ынтымақтастық туралы келісімде көрсетілген байланыстардың маңыздылығына, парламентаралық деңгейдегі жемісті еңбек турасына тоқталды.

Сонымен қатар М. Чавашоглу Қ. Тоқаевқа 2007 жылдың 11-12 маусымын күндері Антальяда жоспарланған көші-қонға арналған ІІ Еуразия-Жерортатеңізі парламентаралық форумға дайындық барысын айтып өтті. Жиынға Қазақстан парламенттік делегациясы да қатысады деп жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті