Қазақстан парламенті Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісімге біріккен елдер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге түзетулер енгізу туралы хаттаманы бекітті

Келісімге мемлекет басшылары 2000-жылдың 20-маусымында Мәскеуде қол қойған. 2003-жылдың 19-қыркүйегінде Ялтада келісімге қол қойған мемлекеттердің басшылары келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл хаттама Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісімге біріккен елдер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуда айрықша маңызға ие болумен бірге Келісім аясындағы интеграциялық процестерді пәрмендендіруге қолайлы жағдайлар жасайды. Келісімнің ажырамас бір құрамды бөлігі болып саналатын хаттама қатысушы-мемлекеттерге әскери-техникалық ынтымақтастық субьектілері арасында әскери-техникалық өнімдер беру турасында келісім-шарттарына қол қоюға мүмкіндік береді.
Хаттаманы бекіту туралы заң Елбасының қол қоюына жіберілді.