Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің мүшесі Бағила Баймағамбетова "Парламентшілердің Қазақстан Республикасындағы әйелдер мен қыздардың білімін жақсартудағы күш-жігері: проблемалар мен мүмкіндіктер" тақырыбындағы сегізінші сессиясында баяндама жасады.
Депутат, Қазақстанның "Қазақстан-2030" және "Стратегиялық жоспар-2010" сияқты елді дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын кезең-кезеңмен жүзеге асырып келе жатқандығын атап өтті. Онда әйелдер мен қыздардың білім алуы жөніндегі мәселелерге, әйелдерге зорлық көрсету, ВИЧ/СПИД және кедейлілікті төмендету мәселелеріне ерекше көңіл аударылған.
Бағила Баймағамбетова Қазақстан Республикасының парламенті соңғы жылдары денсаулық сақтау, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, кедейлікпен және басқа да проблемалармен күрес салаларында 50-ден астам заңдар қабылдағандығын атап көрсетті.
Сонымен қатар, депутат конференияға қатысушылардың назарын Қазақстанда жалпыға ортақ бастауыш білімге барлығының қол жеткізе алатындығын және де әйелдер мен қыздарды оқытуда, сондай-ақ оқу орнына түсу барысында адамның жынысына қарай кемсітушілік проблемаларының жоқ екендігіне аударды.
Кедейлілікті төмендету проблемаларына толығырақ тоқтала келе, депутат Қазақстанның бірқатар ұстанымдар бойынша мың жылдық дамыту мақсатына қол жеткізген, ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен кірісі бар адамдардың санын екі есеге қысқарта алған елдердің қатарына жататындығын атап көрсетті.
Бағила Баймағамбетова баяндамасын аяқтай келе, аталған қоғамдық проблемаларды жеңудегі халықаралық ынтымақтастық халықтың тұрмысы төмен бөлігінің, соның ішінде әйелдердің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғандығын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті