Қазақстан парламентінің өкілдері Санкт-Петербургте өтетін парламентаралық іс-шараларға қатысады

29-қазан мен 1-қараша аралығында қазақстандық парламент депутаттары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік ассамблеясының, ЕурАзЭҚ Парламентаралық ассамблеясының бюросының, сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының 29-шы жалпы отырысының жұмысына қатысады, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті