Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қазақстан делегациясының құрамында депутаттар Бағила Баймағамбетова, Елена Тарасенко мен Светлана Ферхо бар.
Конференцияның тақырыбы - "Әйелдер мен қыздардың білім алуы - әлеуметтік және экономикалық даму мүмкіндігі". Азия аймақтарынан 100- ге жуық парламентшілер мен министрлер қатысады деп күтілуде.
Тұрғын халықтар және даму жөніндегі парламентшілердің Азиялық форумыны аясындағы әйел-парламентшілер мен Азия әйел-министрлерінің
5 конференциясын ұйымдастырушыларының пікірінше, "Бейжің конференциясы қыздар мен әйелдердің білім алуы мәселесіне аса үлкен назар аударып отыр. Өйткені, білім әйелдердің өздеріне деген сенімділігін арттырып, даму процестеріне қатысуға жол ашады", - деп жазылған баспасөз хатында.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, конференцияда Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің депутаты Бағила Баймағамбетова сөз сөйлейді деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті