Қазақстан парламентшілері Азия парламенттері қауымдастығының жиынына қатысады

"Қазақстан парламентінің делегациясы бүгін Иран Ислам Республикасының астанасы - Тегеранға жүріп кетті. Қарашаның 16 мен 23 аралығында Қазақстандық парламентшілер Азия парламенттері қауымдастығының жиынына қатысады", - делінген хабарламада.

Азия парламенттерінің қауымдастығы 2006 жылы Азия парламенттері қауымдастығының бейбітшілік үшінгі жетінші сессиясында құрылған. Азия парламенттерінің қауымдастығын құру ұжымдық тілектің және халық қалаулылары мен Азия азаматтық қоғамы мүшелерінің бірлескен күш -жігерінің арқасында мүмкін болды. Ұйымның басты мақсаты - дүниежүзі елдерінде, соның ішінде Азияда бейбітшілікті ілгерілету.

Азия парламенттерінің қауымдастығының құрамына 40 елдің парламенттері мен 18 бақылаушы енеді. Қазақстан бұл ұйымда бақылаушы болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті