Қазақстан патриоттарының партиясы Назарбаевтың кандидатурасын қолдады

Бұл шешім үшін құрылтайға қатысушылардың басым бөлігі дауыс берді. Қазақстан патриоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымовтың айтуынша, партия өз қатарынан үміткердің атын ұсынбайды. "Біз дәл қазір сайлау алдындағы науқанды салиқалы түрде өткізе алмаймыз. Партия сайлауға дайын емес",- деді жетекші.

Оның айтуынша, қазіргі президенттің кандидатурасын колдауға "көптеген өзекті мәселелер бойынша президент бағдарламасының Қазақстан патриоттары партиясының бағдарламасымен үндесіп жатуы" түрткі болды.
Бұған дейін президенттің кандидатурасын "Отан", "Асар", Қазақстанның демократиялық партиясы, Азаматтық партия мен "Ауыл" социал-демократиялық партиясы қолдады.