Қазақстан Пекинде өткізілетін Олимпиада ойындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық конференцияға қатысады



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Пекинде өткізілетін 2008-жылғы Олимпиада ойындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық конференция қыркүйектің 9 мен 14 аралығында өткізіледі. Оған ІІМ әкімшілік полициясы комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Ғазымбек Алпысбаев пен Алматы қалалық ІІД төрағасының орынбасары Ізбасар Бектұров қатысады.