Қазақстан полициясы 25 қазанда күшейтілген режимде жұмыс істейді

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"24-26 қазан аралығында барлық жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс істейді. Әкімдіктермен бірлесіп, мәдени бұқаралық іс-шаралар өтетін орындар белгіленді. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етілетін күштер мен құралдардың есебі дайындалды. Осы күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылатын полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген.

Полиция жасақтары жұрт көп жиылатын және демалатын орындарға жақындатылады", - деді ІІМ өкілі.

Айдын Оразбаевтың айутынша, бұл орындар жедел бақылау орталықтарының бейнекамераларымен визуалды бақылауға алынады.

"Ахуалды бақылау үшін министрлікте Жедел штаб жұмыс істейді. Бұған ұқсас штабтар барлық өңірде ашылады. Жалпы министрлік "Республика күні" азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртіпті қамтамасыз етуге бар күшін салады", - деді ол