Қазақстан премьері мәлімдегеніндей, үкімет әлеуметтік сала бойынша берген барлық уәделерін орындайды

"Біз түрлі "дауылдарға" қарамастан, мемлекет басшысы біздерге тапсырған барлық әлеуметтік міндеттерді орындауымыз керек. Біз оларды орындаймыз", деді К. Мәсімов. "Сондықтан біз 2008 жылы аса маңызды шешімдерді қабылдайтын боламыз", - деп толықтырды ол.

"Берген уәдені орындамадыңыздар деп, біздерге ешкім кінә артпауы үшін, ешқандай себептерді тудырмауымыз керек. Әрине, бұл қиын іс екенін түсінемін, бірақ өзіңді жеңе біліп, бұл мәселеге ден қою керек", - деп атап өтті үкімет басшысы.