Қазақстан премьері Сочиде олимпиадалық нысандарды аралап шықты

Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов дүйсенбіде Сочиде 2014 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайтын оимпиадалық нысандарды аралап шықты.


           С.Ахметов "Большой" мұз сарайында, конькимен сырғанауға арналған "Адлер-Арена" орталығында және "Айсберг" мұз сарайында болды.
           Алдында белгілі болғандай, Қазақстанның ең ірі қаласы – Алматы 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш берген.