Ел біріншілігінің екінші кезеңіндегі алғашқы матч 17 тамызда елордада өтеді. «Астана» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды. Ойынның басталуы 17.00-де.
Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен турнирлік кестеде көш басында келе жатқан «Ақтөбе» арасындағы ойын сағат 17:30-да басталады
18 тамыз күні тағы төрт кездесу өтеді. Қостанайлық «Тобыл» талдықорғандық «Жетісуді» қабылдаса, ал өскемендік «Восток» «Таразбен» сынға түседі. Екі ойын да сағат 17:00-де басталады.
«Атырау» пен оралдық «Ақжайық» арасындағы ойын сағат 19:00-де, ал алматылық «Қайрат» пен павлодарлық «Ертіс» матчы сағат 19:30-да бастау алады.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы кезеңнен кейін 24 ұпаймен «Ақтөбе» топ бастап тұр. Екінші және үшінші орындарға жайғасқан «Астана» мен «Шахтердің» үш ұпайы кем.