Қазақстан премьер-министрі экологиялық салықты енгізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды

"Мен экологиялық салықтарды енгізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құруды және оған инвесторлар өкілдері мен халықаралық сарапшыларды енгізуді тапсырамын", -деді Кәрім Мәсімов. Премьердің пікірінше, бұл жеке құжат бола ма, әлде, қолданыстағы Салық кодексіне түзету түрінде қабылдана ма, осы мәселені айқындау қажет.

"Біз бұл мәселені жан-жақты зерттеп, халықаралық тәжірибені дәйектеуге тиіспіз", - деді Кәрім Мәсімов.