Қазақстан премьер-министрі Кабулға сапармен барады деп жоспарланған - Тәжин

М.Тәжин Қазақстан үкіметінің Ауғанстандағы 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралардың арнаулы жоспарын қабылдағанын, онда Ауғанстанға көмек ретінде $3 млн бөлу көзделгенін хабарлады.

"Қазір 2009 - 2011 жылдарға арналған күшейтілген көмек жоспарын жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таяу уақыттарда Қазақстан үкімет басшысының Кабулға бірінші сапары жоспарланған", - деді СІМ.