Қазақстан премьер-министрі Қашаған консорцумына қатысты ахуал жылдам реттелетініне сенеді

"Мен Қашаған консорцумына қатысты ахуал таяу уақыттарда реттеледі деп сенемін", - деді Кәрім Мәсімов. Осы орайда үкімет басшысы Қазақстанның бұған дейін қол қойылған келісім-шарттарының тұрақтылығына кепілдік беретінін атап өтті.

"Келісім-шарттарының тұрақтылығы - қажетті элементтердің бірі, және ол жеке меншікке берілген құқық секілді бұлжымас. Бірақ осы жағдайда егер инвестор келісімнің шарттарын бұзса, онда үкімет қол қойылған келісім-шартын қайта қарауға құқылы, немесе, егер инвестор өзінің шикізаттық бизнесін сататын болса, мұндай жағдайда мемлекет араласуға құқылы", - деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.

Қашаған -соңғы 30 жылда әлем бойынша табылған 7-9 млрд баррель мұнай қоры бар ең ірі кен орындарының бірі. Шілденің аяғында ENI Қазақстан үкіметіне жоспарланған мұнай өндіру жұмысын 2008 жылдың екінші жартысынан, 2010 жылдың екінші жартысына ауыстыру туралы ұсыныс жасаған. Онда шығын көлемі $57 млрд тан $136 млрд дейін ұлғайту көзделген. Қазақстан жағы мұндай қаржы шығындарының ұлғаюын және қара алтын шығару мерзімдерін ауыстыруға байлынысты өз наразылықтарын білдірген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті