"Мен Қазақстанның ипотекалық компаниясы құрылыс нарығын дамытуда мейлінше маңызды роль атқаруға тиіс деген көзқарасты құптаймын. Компания облигацияларын Алматыдағы Аймақтық қаржы орталығы арқылы сату мүмкіндігін қарастыру қажет, бұл компанияның белгілі мөлшерде қаржы жинақтап, нарықтағы мәселелерді шешуге тез арада атсалысуы үшін қажет", - деді Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында.
"Мүмкін біз қазіргі ахуалды ескере отырып, бюджет шеңберінде қазіргі бар қаржыландыру көлемін капиталды ұлғайту арқылы өзгерту мүмкіндігін қарастыратын шығармыз", - деді премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті