Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов ресми сапармен Бішкекке кетті

Сапар барысында Бішкекте Қазақстан Үкіметі басшысының ҚР Президенті А.Атамбаевпен, ҚР Премьер-Министрі Ж.Сатыбалдиевпен кездесулері жоспарланған.

Сондай-ақ С.Ахметовтің басшылығымен Қазақстан делегациясы Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 4-ші отырысына қатысады.

Отырыс қортындысы бойынша екіжақты ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қою көзделген.