"Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі болып Әділғазы Бергенев тағайындалды, ол бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған. Семей қаласының әкімі, ҚР президенті әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өңірдің әкімі қызметін 1 жыл 4 ай атқарған Жәнібек Кәрібжанов енді Қазақстан парламентінде жұмыс істейтін болады.