Оның айтуынша, "қазірде сапар барысында қол қойылады деп межеленген бірқатар келісімдердің жобасы дайындалған". Атап айтсақ, мәдениет және ақпарат саласындағы, агроөнеркәсіптік кешен, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер.
Министрдің ақпаратына сәйкес, бұған қоса мемлекет басшысының Душанбеге сапары аясында қазақстандық және тәжікстандық кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес-форум өткізу межеленген.