Қазақстан президенті 18-20-қаңтарда ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барады

Инвестицияға ықпал жасау жөніндегі Қазақстандық "Қазинвест" орталығының

ақпаратына сәйкес, сапар аясында 19-21-қаңтарда Абу-Даби қаласында "Қазақстан сіздің сауда-инвестициялық әріптесіңіз" атты бизнес-форум өткізіледі. Елбасымен бірге форумға екі ел министрліктері мен мекемелерінің, сондай-ақ, іскерлік әлемінің өкілдері қатысады. Бірқатар екі жақты кездесулер де өткізілмекші.
Бұған дейін хабарланғанындай, 18-22-қаңтарда мемлекет басшысы Сауд Арабиясына ресми сапармен барады делінген-тұғын. Әзірге бұл сапар туралы нақты ақпарат жоқ.