Өзара сұхбат барысында тараптар екі жақты ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелерді сарапқа салды. Мемлекет басшысының Малайзияға сапары қарсаңында Астанада өзара сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Малайзия үкіметаралық комитетінің 2-отырысын өткізу, сондай-ақ, бірқатар үкіметаралық келісімдердің жобасын жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
"Біз Қазақстанның демократиялық және әлеуметтік-экономикалық саладағы таңғажайып табыстарын жіті қадағалап отырмыз және екі елдің іскерлік өкілдері арасындағы жақын таныстықты жандандыратын мерзім жетті деп санаймыз",- деді Малайзия сыртқы стер министрі.
М.Тілеуберді Малайзиялықтарды Қазақстанда жоғары және ақпараттық технологияларды, биотехнологияларды, ғарыш, мұнайгаз және мұнайхимиясы индустриясын дамытуға, ғылыми-зерттеу институттары мен бірлескен венчурлық компаниялар құруға белсене араласуға шақырды.
Малайзия сыртқы істер министрі өз елінің Қазақстанды халықаралық сахнадағы маңызды әріптесі деп санайтынын және екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуден мүдделі екенін атап өтті.