Қазақстан президенті 2006-жылы ресми сапармен Иранға барады



М.Муттакидің журналистерге хабарлауынша, ол Н.Назарбаевқа өз елінің президенті Махмуд Ахмади Неджадтың Ирана келіп қайту жөніндегі шақыруын жеткізген. "Нұрсұлтан Назарбаев Иранға келесі жылы ресми сапармен баруға уәде берді",- деді ол.
Бүгінгі кездесу барысында "Каспий теңізіне, Иранның ядролық проблемаларына, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқыладық",- деді Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына келген Ирандық министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті