Қазақстан президенті 2012 жылы Астанада үшінші Жер саммитін өткізуді ұсынды

"Біз еуропалық және азиялық тұрақты дамуға көшу процестерін біртұтас еуразиялық процеске біріктіруге қол жеткізбекшіміз, біз Астананы осындай процесті орналастыратын орын ретінде ұсынамыз. Бұл бізге 2012 жылы Астанада үшінші Жер саммитін өткізуді ұсынуға жол ашады", - деді Н. Назарбаев.

"Тұрақты даму үшін, ең бастысы - бейбітшілік пен халықаралық келісім мәселелерін шешу екенін Астана Еуразия құрылығының атынан лайықты паш ете алады", -деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы республика қабылдаған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы дүниежүзінде оң бағаға ие болғанын атап өтті.

"2010 жылы Қазақстанда Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің тұрақты даму жөніндегі министрлер конференциясы, ал 2011 жылы ТМД, Солтүстік Америка және Еуропаның дәл осындай конференциясы ұйымдастырылады деген шешім қабылданды", - деді ол.

"2005 жылы біз экологиялық тұрақтылық жөніндегі әлемдік индексте 75-ші орынды иемденсек, 2006-шы жылы - 70-ші орынға шықтық, ал біздің талпынысымыз әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру екенін білесіздер, осы мақсатқа жетудің бір бөлігі - бүгін біз талқылап отырған Қазақстанның экологиялық тұрақтылығы туралы мәселе болмақ", - деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті