Қазақстан президенті Афины қаласында бірқатар мемлекет қайраткерлерімен кездесулер өткізді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан мемлекет басшысы бұрынғы АҚШ президенті Джордж Буш, Румыния президенті Ион Илиеску, Афины қаласының әкімі Дора Бакояни, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі - генерал Брент Скоукрофт, бұрынғы Израиль үкімет басшысы Шимон Переспен кездесті .