"Қазақстан Корея республикасымен саяси келісімдер жасап, тиімді экономикалық қарым -қатынастарды орнатуға қызығушылық танытып отырғандықтан, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылы Сеулға сапары бұған үлкен септігін тигізеді" деп мәлімдеді ҚР мемлекеттік хатшысы.
Кездесу барысында екі жақ энергетика, жоғары технология мен құрылыс салаларында қарым-қатыстарды дамыту мәселесін қозғады. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяның 2012 жылы EXPO әлемдік арнаулы көрмесін өткізу туралы жасаған ұсынысы жайлы талқыланды. Бүгінде аталған көрмені өткізуге ұсыныстарын жіберіп, мүдделі болып отырған Польшаның Вроцлав, Марокконың Танжер және Оңтүстік Кореяның Иёсу қалалары осынау жоғары деңгейлі шешімнің нәтижесін күтуде. Шешім жақын арада Парижде халықаралық көрме бюросы кезінде қабылданады.
Ким Хан Гён хабарлағанындай, "президент Н. Назарбаевқа арналған Оңтүстік Корея президентің жолдауын өзім тапсырдым. Хатта Корея президенті екі ел арасындағы достастықпен тығыз қарым- қатынас орнатылғанына ризашылығын білдіріп, Кореяның оны одан әрі дамытуға мүдделі екенін жазған".
ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Корея Азиядағы Өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің беделді мүшелерінің бірі болып табылады және Әлемдік және дәстүрлі дін жетекшілерінің съездерін өткізуді үлкен белсенділікпен қолдайды. Ал Қазақстан өз кезегінде Солтүстік Кореяның ядролық мәселесін халықаралық деңгейде бейбіт жолмен шешілуіне септігін тигізуде.
Корея Қазақстанға құйып жатқан тікелей инвестиция көлемі жағынан ($2,5 млрд) алдыңғы орындарының бірінде тұр және елімізде кореялық "Самсунг" и "Эл Джи" сияқты ірі компаниялар жұмыс істеуде. Жуырда Астанада "Дониль Хайвил" құрылыс компаниясы халықаралық стандарттарға сай тұрғызылған тұрғын үй кешенін тапсырды. Бүгінде Қазақстанда бірлескен 320 кәсіпорын жұмыс істеуде. Екі жақты тауар айналымы $600 млн асып жығылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті