Кеннебанкпортта Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Бушпен кездеседі.
Мэн штатынан Қазақстан президенті Вашингтонға аттанады. Онда ол АҚШ конгрессі мен үкіметі мүшелерімен, сондай-ақ, АҚШ-тың іскерлік өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер өткізеді.
Бейсенбіде Н.Назарбаев АҚШ астанасындағы Қазақстан елшілігі аумағында Қазақстан тәуелсіздігінің құрметіне арналған ескерткіштің ашылуына, сондай-ақ, "Ядролық қатерді азайту жөніндегі бастама" қорының басшысы Тед Тернердің Вашингтонда қазақ президентінің құрметіне беретін қонақасына қатысады.
Жұма күні Ақ үйде Н.Назарбаевты АҚШ президенті Джордж Буш қабылдайды. "Қазақстан мен АҚШ президенттері демократияны ілгерілету, лаңкестікпен күрес, энергетиканы диверсификациялау, гүлденуді жаппай тарату және бостандық пен қауіпсіздік аясын кеңейтуге бағытталған біздің ортақ талпынысымыз сынды кең көлемді мәселелерді талқылайды",- деп мәлімдеді сапар қарсаңында Ақ үйдің баспасөз хатшысы Тони Сноу.
Ақ үйдің баспасөз қызметі "Қазақстан - АҚШ-тың маңызды стратегиялық әріптесі" екенін баса атап көрсетуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті