Қазақстан президенті "Аралық соттар туралы" заңға қол қойды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң заңды және жеке тұлғалар арасындағы азаматтық-құқықтық келісім-шарттарына байланысты туындаған дау-дамайларды реттеу үшін елімізде баламалы сот институтын құруға бағытталады.

Заң мәтініне сәйкес, аралық соттың көмегі заңды және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық дауларда қолданылады. Бірақ ондай жағдайда мемлекеттік кәсіпорындардың, кәмелеттік жасқа жетпегендер мен іс-әрекетке қабілеттілігі жоқ жандардың мүддесіне қатысты, монополистердің іс-қызметіне қатысты істер мен банкроттыққа ұшырауға қатысты істер онда қаралмайды. Тараптар тұрақты және уақытша жұмыс істейтін аралық соттарға өз еркімен өтініш беруі қажет.
Заңда көрсетілу бойынша аралық соттар өз іс-қызметінде ҚР Ата заңы мен басқа да еліміздің заңнамаларына бағынуы тиіс. Оған қатысушылар сот мәжілісін қай тілде жүргізетінін өз беттерімен шешеді.
Заң мәтіні ресми баспасөз беттерінде жарияланды.