Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, бүгін екіжақты келіссөздер жүргізіліп, онда саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ мәртебелі мейман Астананың көрікті жерлерін аралап, елорданы дамыту жоспарымен танысады. "Бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі қуатты дамуына айрықша серпін береді деп күтілуде", - деп көрсетілген жарияланған хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шейх бұған дейін Қазақстанда бірнеше рет болғанымен, бұл оның ел президенті мәртебесіндегі алғашқы ресми сапары ретінде белгіленген.