Қазақстан президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды

Қарашаның 7-9 аралығына созылатын сапар барысында Елбасының Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянмен, басқа да жоғарғы лауазымды тұлғаларымен келіссөздері жоспарланып отыр.

ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Марат Ілиясовтың бұдан бұрын хабарлағанындай, келіссөздердің негізгі мазмұны екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығына қатысты мәселелер, соның ішінде Әмірліктердің Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы сен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметтеріне қатысуы болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясының мүшелері әмірліктер тарапымен мұнай-химия, металлургия, газ өнеркәсібі және басқа да нақты инвестициялық жобалар бойынша келіссөздер өткізеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті