Н. Назарбаев Қарағанды облысына түстен кейін келеді деп күтілуде.
Мемлекет басшысы Қарағандыда Бұқар жыраудың ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысып, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ сортты прокат өндірісінің ашылуында болмақ. Бұл "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасына енген серпінді жобалардың біріне жататын өндіріс орны.
Бұдан кейін "Арселор Миттал Теміртау" АҚ басшылығы президентке компанияның 2013 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын таныстырады.
Сапардың соңында мемлекет басшысы Теміртау қаласындағы жаңартылған "Металлург" стадионында болады. Онда жастарды "Қазақстан магниткасының" құрылысына шақырудың 50 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтеді.