Қазақстан президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің отырысына қатысушылармен екі жақты кездесулер өткізді

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің төрағасы Андрей Денисовпен кездесу барысында Н.Назарбаев контртеррорлық комитет пен Қазақстанның тиісті құрылымдары арасындағы ықпалдастықты тереңдету қажеттігін атап көрсетті.

ТМД атқару комитетінің төрағасы Владимир Рушайломен жүздесу барысында Достастықты реформалау және оның жұмысын одан әрі жетілдіру жөніндегі бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Н.Назарбаевтың бұл бағыттағы ұсыныстары 2003-жылғы күзде Астанада өткен ТМД саммитінде ортаға салынған болатын.
Сондай-ақ, Қазақстан президенті Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесті. Бұл кездесуде лаңкестікке қарсы күрес шараларын күшейту және ұйым іс-қызметінің алдағы уақытқа арналған басым бағыттары талқыланды.