Қазақстан президенті DAMU-Almaty орталығының тұсаукесеріне қатысты

"Қазақстан - транзитті мемлекет. Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында логистиканың дамуын мен жоғары деңгейде қолдайтын боламын, оны "Қазына" да қолдап, мемлекет те атсалысады, мен барлық инвестрларды осынау пайдалы жобаға атсалысуға шақырамын", - деді президент журналистермен сұхбатында.

DAMU-Almaty индустриялық-логистикалық орталығы Алматыдан солтүстікке қарай 10 шықырым жерде, Өтеген батыр ауылына таяу жерде орналасқан. Бұл Amanat Invest Group компаниялар тобының бірегей жобасы. Бұл топпен 20 халықаралық және отандық компания серіктестік орнатқан. "Amanat Invest Group" ЖШС құрылтайшысы әрі президенті - Сәкен Тойлыбаев.

DAMU-Almaty индустриялық-логистикалық орталығын салу "Amanat Invest Group" холдингінің "За" стратегиясын жүзеге асырудың бірінші кезеңі. Ол бүкіл Қазақстан аумағында индустриялық-логистикалық орталықтар салуды және осындай орталықты Ресей аумағында да салуды көздейді. 2009 жылдың аяғында DAMU-Astana және DAMU-Aktobe секілді тағы екі орталық ашу межеленген.

DAMU-Almaty индустриялық-логистикалық орталығы 2007 жылдың наурыз айында салына бастады. Ол 2008 жылдың төртінші тоқсанында салынып бітуге тиіс. Орталық 210 гектар аумақты алып жатыр: 160 гектарды өнеркәсіптік аймақ, 20 гектарды - қойма аймағы, 10 гектарды - транспорттық-логистикалық аймақ, 10 гектарды - инфрақұрылымдық аймақ және 10 гектарды - кедендік рәсімдеу орталығы аймағы иемденеді.

DAMU индустриялық-логистикалық орталықтары Қазақстандық және халықаралық компаниялардың шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамыту үшін құрылған өндірістік нысандар, әкімшілік құрылымдар, инфрақұрылымдық құрылым, инфрақұрылымдық нысандар мен қоймаларды біріктірген кешен болып табылады.