Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер барысында Қазақстанның ДСҰ-на кіру жөніндегі келіссөздері жайлы сөз болды.
«Р.Азеведоның пікірінше, Қазақстан үшін ДСҰ-на мүше мемлекеттермен импорттық кеден бажы жөніндегі міндеттемелерді Ресеймен үйлестіру мәселесін келісіп алу ғана қалды», - делінген хабарламада.
Р.Азеведо Н.Назарбаевты «ДСҰ хатшылығы Қазақстанды ұйым қатарына қабылдау жөніндегі келіссөздердің мүмкіндігінше тезірек аяқталуына барынша қолдау көрсетеді» деп сендірді.