"Бағдарламаның мақсаты - еліміз азаматтары үшін тұрмыстық стандарттарды арттыра отырып, Қазақстанды дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің қатарына қосу болып табылады",- деді мемлекет басшысы. "Біз бұл мақсатқа ұлтымыз бен экономикамыз бәсекелестік қабілетке ие болған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз",- деді ол. Н.Назарбаев 2010-жылға дейінгі экономикалық даму бағдарламасын еліміздегі экономикалық жаңартуларды бәсекелі пәрмендендіру бағдарламасымен сабақтстыру қажеттігін атап өтті.
"Біз еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыра бастадық. Жекелеген салаларға басымдық бере отырып, бәсекелі экономика құру үлгісін таңдау арқылы Қазақстандық кластерлер жүйесін дамытуға негіз қаладық",- деп жалғастырды өз сөзін Елбасы. "Біз биылғы жылдың ортасына дейін туризм, мұнайгаз саласындағы машина жасау, азық-түлік және тоқыма өнеркәсібі, транспорт- логистика қызметі, металлургия және құрылыс материалдары тәрізді сегменттерде 5-6 кластер құрып дамытуға бағытталған жоспарды жасап шығуға тиіспіз. Дәл осы салаларда біз экономикалық жүйемізді құрумыз қажет. Бұл - еліміз экономикасының шикізат өндіруден басқа салаларда ұзақ мерзімді маманданатын салалары болмақ",- деп мәлімдеді Н.Назарбаев. Осыған байланысты "біз экономиканы, экономикалық даму мен ұлттық инновациялық жүйені басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін құра бастадық",- деді ол.
Мемлекет басшысының айтуынша, "елімізде қазір индустриялық-инновациялық даму саласының инфрақұрылымы қалыптасты деуге болады". Мемлекеттік даму институттарының капитал қоры 730 млн. долларды құрайды. Инвестициялық жобалардың қоржыны 1,2 млрд. долларға жетті. 2004-жылы елімізде 204 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, олардың тең жартысы мемлекеттік даму институттарының қолдауына ие болды.