Қазақстан президенті ел футболын өз қамқорлығына алды

Қазақстан футбол одағы іс-қызметінің басым бағыттары ретінде Елбасы балалар мен жастар футболын дамыту, стадиондар мен футбол алаңдарын салу, республикамыздағы футбол инфрақұрылымын дамытып, оны УЕФА (Футбол қауымдастықтарының Еуропалық одағы) стандарттарына сәйкестендіруді атады.

Атқару комитетінің отырысында сондай-ақ, ұлттық құраманы 2006-жылғы әлем біріншілігінің іріктеу сайыстарына дайындау мәселесі қаралды.
Бұған қоса, 2004-жылдың 14-15-қыркүйегінде Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттердің елімізге ресми сапармен келетіндігі жария етілді.