"Қазақстан мемлекет басшысымен кездесу барысында біз қазақстан-иран қатынастарының даму деңгейі мен перспективаларын талқыладық",- деді елші кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында. "Екі мемлекеттің өзара ынтымақтастығы жоғары деңгейде және оны әрі қарай дамытуда ешқандай кедергі жоқ",- деді ол.
М.Саффаридің айтуынша, бүгінде Қазақстанда құрылыс, өнеркәсіп және басқа да салада жұмыс істейтін Ирандық 400 компания тіркелген. "Ирандық компаниялар Қазақстан экономикасына 200 млн. доллар мөлшерінде инвестиция құйды",- деді елші.
ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, 2003-жылы Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы арасындағы тауар айналымы 420 млн. долларды құрады, соның ішінде экспорт - 408 млн., импорт - 12 млн. доллар болды. 2004-жылдың қаңтар-маусым айларында өзара сауда-саттық деңгейі 367,1 млн. долларға, соның ішінде экспорт - 361 млн., импорт - 6,1 млн. долларға жетті.