Атап айтқанда, мемлекет басшысы ЕҚЫҰ ПА төрағасы Йоран Леннмаркермен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстанның 2010 жылғы осы ұйымға төрағалық етуінің алдындағы ЕҚЫҰ мен Қазақстанның ынтымақтастық перспективасын талқылады.
"ЕҚЫҰ ПА жыл сайынғы сессиясының Астанада өткізілуі Қазақстан үшін маңызды оқиға. Оның үстіне ол Еуразия құрлығының Азиялық бөлігінде алғаш рет өткізіліп отыр", - деп атап көрсетті президент.
Сондай-ақ, Н. Назарбаев АҚШ Конгрессінің делегациясын қабылдады. "Сіздердің келулеріңіз бізді жақындастырады және бір-бірімізді жақсы түсінуге көмектеседі", - деді президент қонақтарға арнаған сөзінде. "Тәуелсіздік жылдары біз үнемі сіздердің қолдауларыңызға арқа сүйеудеміз", - деп атап көрсетті президент. Ол Қазақстанда Америка компаниялары мен АҚШ инвестициясы жеткілікті дәрежеде екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Н. Назарбаев ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Кнут Воллебекпен келіссөздер өткізді. Әңгіме барысында К. Воллебек Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның жемісті ынтымақтастығына ризашылығын білдірді.