Қазақстан президентінің сапары Франция іскер өкілдерінің ортасында жоғары қызығушылыққа ие болды. Сапар алдында аса танымал француз газетінің бірі "Фигаро" басылымында "Қазақстан: қара алтынның жаңа эльдорадосы" атты мақала жарық көрген болатын.
Басылым өз оқырмандарына Қазақстандағы экономикалық және мұнай саласындағы серпіліс жөнінде, көмірсутек кен орындарын қазып шығару, оның ішінде Қашаған кен орны жөнінде, соңғы 40 жылдың ішінде ашылған аса ірі мұнай кен орындары жөнінде егжей-тегжейлі жазыпты.
Алайда француз кәсіпкерлерін тек мұнай шығару мен тасымалдау саласы ғана қызықтырмайды. Оған Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі "АРЕВА", "Обер энд Дюваль" ("ЭРАМЕТ" тобы), "ЕАДС", "Альстом" компанияларының басшыларымен болған кездесулері куә. Бұл компаниялардың барлығы да жоғары технология саласында жұмыс істейді.