Қазақстан президенті ғарышкерліктен үміткерлермен кездесу өткізді

"Біз Қазақстан президентімен кездесуде алдағы 2-3 жылға созылатын ғарышкерлерді дайындау жұмыстары турасында пікір алмастық",- деді Ю.Лончаков.

Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері Талғат Мұсабаевтың KZ-today тілшісіне берген сұхбатында атап көрсеткеніндей, "үміткерлер алғашқы сатыда 2 мыңнан астам адам арасынан іріктелді. Ал дәрігерлік комиссияға 850-дей адам жіберілді. Нәтижесінде төрт адам іріктеліп, қазір олардың екеуі Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығында оқып жатыр. Жігіттердің мүмкіндігі жақсы. Жан-жақты әзірліктен өтті",- деді ол.
"Қазақстандық үміткерлердің жалпы ғарыштық дайындықтары 2005-жылдың мамыр айында аяқталады. Бұдан соң мемлекеттік емтиханнан өтіп, ғарышкер-зерттеуші деген диплом алғаннан кейін олар топ аясындағы әзірлікке көшеді. Осыдан кейін барып экипаждық дайындыққа ден қояды. Осының барлығына 5-6 жыл сарп етіледі",- деді Ю.Лончаков.