Н.Назарбаев сондай-ақ, ахуалдың бейбіт жолмен реттелуіне "Грузияны қантөгіс пен тәртіпсіздіктерден сақтап қалған Эдуард Шеварднадзенің азаматтық жауапкершілігі де өзіндік септігін тигізді",- деп қадап айтты.
Елбасы "Грузиядағы саяси ахуалдың өрбу барысын Қазақстанның жіті қадағалап отырғанын" атап өтті. Елбасының пікірінше, Грузия халқының әртүрлі топтарының өзара араздыққа жол беруіне елдегі ауыр экономикалық ахуал мен ішкі саяси шиеленіс түрткі болды.
Қазақстан мемлекет басшысы Грузияның жаңадан сайланатын басшылығына ұлттық экономиканы дамытуда, мемлекеттің аумақтық біртұтастығы мен сыртқы саясаттың сабақтастығын сақтап қалуда табыстар тіледі. Н.Назарбаев Қазақстан мен Грузия арасындағы конструктивті достық байланыстар дәстүрі ежелден қалыптасып келе жатқанын атап көрсетті. "Біз екі ел арасындағы экономикалық , саяси және мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға ықыластымыз",- деді Елбасы.