Қазақстан президенті Иордания королімен кездесті

Келіссөз барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту келешегі талқыланды.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар халықаралық күнтәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.