Қазақстан президенті іс басқармасының 2015 жылға арналған бюджеті 2,8 млрд теңгеге қысқартылды


"Тұтас алғанда,өткен жылы бюджеттің 99,2% игерілген, игерілмеген сома-мемлекеттік сатып алу кезінде үнемделген ақша. Оңтайландыру режимі шеңберінде 2015 жылға арналған бюджет 2,74 млрд теңгеге қысқартылды”, делінген ведомствоның баспасөз қызметінен таралған хабарламада, ол 2014 жыл бойынша президент іс басқармасының қызметі қорытылған отырыста таралған болатын.
Ақпаратқа қарағанда, отырыста атап өтілгендей, 2014 жылы іс басқармасы өндірістік және қаржылық ресурстарды үнемдеу және озық технологияларды енгізу жұмысын жалғастырған.
2014 жылы іс басқармасы сатып алған көліктердің 75% елде құрастырылған көліктер. Соңғы екі жылда 240 көлікке GPS-мониторинг жүйесі орнатылған, ол көліктің жалпы жүрісін 26% кемітуге, жұмыс істелген сағат санын 5,3% азайтуға мүмкіндік берген.
Ақпаратта атап өтілгендей, орташа шұғыл мерзімге арнап іс басқармасы басымдық жеті бағытты белгіледі, оның ішінде:инновациялық технологиялар трансферті, сервистік қызмет көрсету дәрежесін арттыру, ресми шараларды жоғары деңгейде өткізу, инновациялық жобалар, Щучинскі-Бурабай курорт аумағының инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жаңа нысандар салу.