Қазақстан президенті Испания премьерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Испания үкіметінің төрағасы Мариано Рахоймен келіссөздер жүргізеді.


           Кездесу 30-қыркүйек күні премьердің ресми сапары шеңберінде өтеді, делінген дүйсенбіде елбасының баспасөз қызметінен таралған ақпаратта.
           Келіссөздер барысында екіжақты ықпалдастықтың әр түрлі салалары бойынша ынтымақтастықты тереңдету жайы қаралмақ.
           Сонымен қатар, сапар нәтижелері бойынша екіжақты ведомствоаралық құжаттарға және коммерциялық келісімшарттарға қол қою көзделген.
           Тұтас алғанда М.Рахойдың Қазақстанға ресми сапары қазақстандық-испандық саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етпек, деп атап өтті баспасөз қызметінен.