Қазақстан президенті кейінгі кездері заманауи қауір-қатерлер арта түсті деп санайды

"Әлем сепаратизм проблемасымен қайта бетпе-бет келді, ол осы жолы халықаралық құқық жүйесінде нағыз дағдарыс тудырды. Косово мен Тибетте болған оқиғалар ғаламдық геосаяси күресте пайдаланылатын құралдар арсеналына бірден қамтылды", - деді ол.

Қазақстан мемлекет басшысының пікірінше, өткен жылғы ең ауқымды сынақтың бірі "дүниежүзілік қаржы дағдарысы болды, ол көптеген елдердің қаржылық-несиелік жүйесіне қатер төндірді".

"Осындай жағдайда донор-мемлекеттер кедей елдерге көрсететін көмегінің ауқымын азайта бастады. Қазір әлем аштық, жұқпалы індеттер мен азаматтық шиеленістер секілді ауқымды гуманитарлық апаттарды күтіп отыр. БҰҰ мәліметінше, кейінгі үш жылда әлемдік азық-түлік бағасы 83 процентке қымбаттады, ал азық-түлік қорының көлемі кейінгі 30 жылда алғаш рет ең төменгі деңгейге жетті", - деді Н. Назарбаев.

"Қуат көздерінің әлемдік бағасы барлық тауар түрлеріне, соның ішінде азық-түлік құнына әсер ете отырып, үздіксіз шарықтай түсуде. Әлемдік экономика кешікпей мұнай мен газ бағасының шарықтай түсуі салдарынан өз тұрақтылығының шарықтау шегіне жететін секілді", -деді ол.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің пікірінше, таяудағы 10 жылда энергетикаға жұмсалатын инвестициялар көлемі сұраныстың өсу қарқынынан артта қалатыны тағы бір үлкен тәуекел болмақ. Бұл энергетикалық ресурстардың тапшылығы барлық залал-зардаптарымен қоса сақталады дегенді білдіреді, деді президент.

Оның пікірінше, өткен жылғы оқиғалар "жасалатын тұжырымның тым жақсы болмайтынына мәжбүрлейді".

Біріншіден, әлемдік экономикадағы жағдайдың нашарлауы мен азық-түлік дағдарысы халықаралық қоғамдастықтың гуманитарлық қауіп-қатерге қарсы күреске бағытталған бұрынғы күш-жігерін жоққа шығарды. Басты гуманитарлық көрсеткіштеріне қарай дүниежүзі 10 жыл бұрынғы жағдайға келді, ал БҰҰ-ның мыңжылдық мақсаттарына қол жеткізу қиынға соғатын түрі бар, деді Н. Назарбаев.

"Бүгінде аштық тауқыметі жаңаша сипатқа көшті. Егер ол бұрын қуаңшылықтың немесе басқа да табиғи зілзалалардың кесірінен болса, қазір оған тамақтың қымбаттығы себеп болуда. Дүниежүзінінің түрлі өңірлеріндегі 40 жуық ел азық-түліктен мұқтаждық көріп, көмек күтуде", -деді Н. Назарбаев. Сонымен бірге, дүниежүзінде су тапшылығынан бір миллиардтан астам адам зардап шегіп отырса, 2025 жылы бұл сан үш есе өседі.

"Ғаламдық экономикалық теңсіздікті еңсермей тұрып әлемдік жүйенің тұрақты дамуына қол жеткізу мүмкін емес екеніне көз жеткіздік, өйткені ол заңсыз көші-қон, экстремизм мен әлеуметтік шиеленістерге қолайлы жағдай жасап береді", - деді Н. Назарбаев.

"Бүгінде лидер елдер мен жалпы әлемдік қауымдастықтан жалпы әлемдік экономиканың дамуын тұрақтандыра алатын және ғаламдық теңсіздікті еңсеруге көмектесе алатын халықаралық кооперацияның жаңа формаларын жасауға бағытталған батыл әрекеттер талап етіледі", -деді ол.