"Сіздердің форумдарыңыздың тақырыбы сәулеттің батыл жаңашылдығы әлемнің ұлттық дәстүрлермен тығыз үндескен біздің салынып жатқан қаламыздың атмосферасына жақсы сәйкеседі", - деп айтылған үндеуде.
"Астана - бұл жасампаздар мен арманшылдардың қаласы, Қазақстанның көпұлтты халқының еңбегімен жасалған керемет", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы. "Біз Елорданы сәлетшілер бен суретшілердің, инженерлер мен құрылысшылардың шығармашылық ұмтылысы мен қиялының шарықтауын шектемей "тақыр бетке" салудамыз. Сондықтан, Астана өзінің қайталанбас және еске қаларлықтай бейнесін қалыптастырып келе жатыр", - деп көрсетілген құжатта.
Н. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Халықаралық астаналар және ірі қалалар ассамблеясымен құрдас екендігін жақсылықтың нышаны деп есептейді. "Бұл біздің заманмен бірге қадам басып келе жатқанымызды, адамзат үшінші мыңжылдықтың қарсаңында қамтылған өзгерістермен бір ырғақта келе жатқанымызды білдірсе керек", деді мемлекет басшысы.
"Бұл ұйым ірі мегаполистердің интеграцияланатын халықаралық жетекші орталықтардың біріне және өзіндік даму ерекшеліктері бар әртүрлі қала мәдениеттерінің бірегей диалогтық алаңына айналды", - деп түйінделген үндеу мәтіні.