Қазақстан президенті Корея елшісінің сенімхатын қабылдады

"Мен Қазақстан секілді жоғары қарқынмен дамып келе жатқан елде жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Екі елдің қарым-қатынас әлеуеті өте жоғары",- деді Ким Иль-су.
ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық байланыс 1992-жылдың 28-қаңтарында орнаған. Қазақстан мен оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымының ауқымы 2003-жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 2004-жылы 86 процентке өсіп, 410,5 млн. долларды құрады. 2005-жылдың алғашқы жартысында екі ел арасындағы сауда көлемі 272 млн. долларға жетті. Соның ішінде экспорт - 120 млн., импорт - 152 млн. АҚШ долларын құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті